1 7. Функциялар (def)

Сабақ 7: Функциялар (def)

Теория

Функция - бұл бағдарламаның кез келген жерінде бірнеше рет шақырып орындауға болатын код блогы. Ол кодтың қайталануын азайтады және бағдарламаны құрылымды етеді.

Функцияны құру үшін def (define) кілт сөзі қолданылады.

Қарапайым функция мысалы:
def salemdesu():
    print("Python әлеміне қош келдіңіз!")

salemdesu()  # Функцияны іске қосу (шақыру)
Аргументтері бар функция:

Функция сырттан ақпарат қабылдауы мүмкін:

def kosh_keldin(aty):
    print("Сәлем,", aty)

kosh_keldin("Ақарыс")
kosh_keldin("Жансая")

Функция тек әрекет орындап қана қоймай, return операторы арқылы есептеу нәтижесін кері қайтара алады.

Жаттығу

Екі санның қосындысын есептеп, нәтижені экранға шығаратын qosu(a, b) атты функция жазыңыз.

Редакторда ашу Артқа Тест тапсыру

Бейнесабақ