Сабақ 6: Тізімдер (List)

Теория

Тізім (list) - бір айнымалының ішінде бірнеше мәнді реттелген түрде сақтауға арналған деректер типі. Тізімдерге кез келген типтегі деректерді (сандар, мәтіндер) араластырып салуға болады.

Тізім элементтері тік жақшаға [] алынады және үтірмен бөлінеді.

Тізіммен жұмыс:
oqushylar = ["Әли", "Сара", "Мұрат"]

print(oqushylar[0])  # "Әли" (индекс 0-ден басталады!)
oqushylar.append("Айша") # Жаңа элемент қосу
oqushylar[1] = "Диана"   # Элементті өзгерту
print(len(oqushylar))    # Тізім ұзындығын білу
Тізімді циклмен өңдеу:

Тізімдегі барлық элементтерді бір-бірлеп алу үшін for циклі өте ыңғайлы:

sandar = [10, 20, 30, 40]
for san in sandar:
    print(san * 2)
Жаттығу

5 сүйікті тағамыңыздың тізімін құрыңыз. append() арқылы тағы бір тағам қосыңыз және тізімді экранға шығарыңыз.

Редакторда ашу Артқа Тест тапсыру

Бейнесабақ