Сабақ 5: Қайталану операторлары (Циклдер)
Теориялық түсінік
Циклдер - бірдей әрекеттерді бірнеше рет қайталап орындау қажет болғанда қолданылады. Бұл кодты ықшамдауға және автоматтандыруға көмектеседі.
Python-да циклдің екі түрі бар:
for- белгілі бір тізбек (диапазон, тізім) бойынша әр элементті аралап шығады;while- белгілі бір шарт ақиқат (True) болып тұрғанша қайталана береді.
for циклі мен range() функциясы:
# 1-ден 5-ке дейінгі сандарды шығару
for i in range(1, 6):
print("Қадам №", i)
while циклі:
san = 1
while san <= 5:
print("Мән:", san)
san += 1 # Айнымалыны арттыруды ұмытпаңыз!
Егер while цикліндегі шарт ешқашан жалған болмаса, бағдарлама "шексіз циклге" түсіп кетеді. Сондықтан цикл ішінде шартқа әсер ететін өзгеріс болуы тиіс.
Жаттығу
1-ден 20-ға дейінгі тек жұп сандарды экранға шығаратын цикл жазыңыз.